Жаңалықтар
Cтуденттерге заң талаптары мен қаржылық қауіпсіздік түсіндірілді
- Қаралды: 13
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде студенттеріне арналған құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған форум өтті.
21-25 қыркүйек аралығында өткен іс-шараны Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жиынның негізгі мақсаты – жастарды интернет-алаяқтықтан сақтандыру, дропперлік әрекеттердің алдын алу және құқықтық жауапкершілік туралы түсінігін кеңейту.
Кездесу барысында мамандар интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік талаптары, қаржылық операциялар кезінде сақтық таныту, алаяқтық схемаларды ажырату жолдары жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ дропперлікке тартылудың салдары мен мұндай әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілікке назар аударылды.
Бес күнге жалғасқан іс-шараға 4 мыңға жуық бірінші курс студенті қатысты.
Жастардың құқықтық сауатын көтеру және қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды бағыттарының бірі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз