Жаңалықтар
Біздің түлек – Aзия ойындарының екі дүркін чемпионы
- Қаралды: 16
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Механика, машина жасау және мұнай-газ ісі» факультетінің түлегі Софья Берульцева 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарында каратэден +68 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленіп, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан жарыста Софья Қазақстан намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл жетістік спортшының қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындығының нәтижесі.
Чемпионды туған жерінде салтанатты түрде қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Қажымұқан атындағы орталық стадион алдында Софьяны туған-туыстары, жаттықтырушылары, жергілікті әкімдік пен спорт саласының өкілдері, жанкүйерлер зор қошеметпен күтіп алды.
Университетіміздің түлегі Софья Берульцеваның бұл жетістігі – барша университет қауымы үшін үлкен мақтаныш. Оның спорттағы табандылығы мен жетістігі студенттер мен жас спортшыларға үлгі.
Софья Берульцеваны жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа белестерді бағындырып, Қазақстанның көк туын халықаралық аренада асқақтата беруіне тілектеспіз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз