Жаңалықтар
Ұйымдар жәрмеңкесі: студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы
- Қаралды: 14
Жастар аллеясы университетіміздің белсенді жастарына лық толды. Мұнда жыл сайынғы дәстүрге айналған ұйымдар жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Жәрмеңкеде Жастар орталығына қарасты білім, шығармашылық, пікірсайыс, медиа және басқа да бағыттағы 12 ұйым, сондай-ақ факультет белсенділері өз бағыттарын таныстырып, ұйымдардың тыныс-тіршілігімен бөлісті. Ал жаңа студенттер қызығушылығына сай орта тауып, белсенді жастар қатарына қосылуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында университет басшылығы да әр ұйымның жұмысымен танысып, жастардың бастамасы мен шығармашылығын әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Ал кешке қарай Жастар аллеясы ән, би, қойылымға ұласып, ерекше вайбқа бөленді. Әр ұйым өз өнерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бүгінгі жәрмеңке — ұйымдар таныстырылымы ғана емес, жаңа студенттер үшін жаңа ортаға бастар алғашқы қадам, ал белсенді жастар үшін өз идеясын көрсетуге берілген мүмкіндік.
Сен де өз ортаңды тапқың келсе, jastaroqu парақшасына кіріп, ұйымдармен таныс та, белсенді жастар қатарына қосыл!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз