Жаңалықтар
Auezov university халықаралық тұрақты даму форумына қатысты
- Қаралды: 10
Бакуде жоғары білім берудегі тұрақты даму мәселелеріне арналған халықаралық жиын өтті. Azerbaijan State Oil and Industry University базасында өткен UI GreenMetric Sustainable University Rankings 2026 Results & Awards Ceremony және ECO-SYNERGY 2026 конференциясына әлемнің әр елінен жоғары оқу орындарының басшылары, сарапшылар мен тұрақты даму саласының мамандары қатысты.
Халықаралық шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі-халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Гульнара Карбозова қатысты. Ол конференцияның ресми бағдарламасында халықаралық спикер және панель сарапшысы ретінде сөз сөйледі
Гульнара Карбозова «Driving Sustainable Impact: Water Stewardship, Green Mobility, and Sustainability Education» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысып, су ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл мобильділік, тұрақты даму бағытындағы білім беру және жоғары оқу орындарының экологиялық жауапкершілігі мәселелерін талқылады.
Форум барысында жасыл кампустарды дамыту, климаттық жауапкершілік, цифрлық трансформация және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жоғары білім беру жүйесіне енгізу мәселелері қаралды.
Айта кетейік, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ECO-SYNERGY 2026 халықаралық конференциясының бірлескен ұйымдастырушыларының қатарында болды.
Auezov University – халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты даму жолында!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз