Университет студенті – әлем чемпионатының қола жүлдегері!

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Спорт және туризм» факультеті, СТ-25-3К3 тобының студенті Шахжухон Эшмуратов кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында жүлделі III орынға ие болып, ел мерейін үстем етті.
Әлемдік дода Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 79 елінен 1500-ге жуық спортшы қатысып, кикбоксингтің түрлі бағыттары бойынша бақ сынады.
Шахжухон 71 келі салмақ дәрежесінде Low Kick дисциплинасы бойынша сынға түсіп, Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Жас спортшының бұл жетістігі – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар университетімізде білім алып жүрген студент жастардың спорттағы биік белестерді бағындырып жүргенінің жарқын көрінісі.
Шахжухонды Әлем чемпионатындағы қола жүлдесімен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.