Жаңалықтар
Әуезов университетінің ғалымдары халықаралық ғылыми конференцияға қатысты
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымдары Азиза Иса мен Айгүл Кыдыралиева 2026 жылғы 20–26 қыркүйек аралығында Малайзияның Пенанг штатындағы Джорджтаун қаласында өткен «The 10th International Conference for Young Chemists 2026 (ICYC 2026)» халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференция аясында университет ғалымдары баяндамаларын ұсынып, ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар олар химия, химиялық технология және қоршаған ортаны қорғау бағытында шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерімен пікір алмасты.
Атап өтейік, конференцияның басты мақсаты – химия саласында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыру, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, сондай-ақ заманауи зерттеу бағыттары бойынша кәсіби байланыстарды нығайту.
Университет ғалымдары халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу зерттеу нәтижелерін әлемдік ғылыми ортада танытуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз