Жаңалықтар
«Туризм» студенттері TOURISM NEXT байқауында ІІІ орын иеленді
- Қаралды: 20
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері студенттік туристік жобалар арасындағы TOURISM NEXT REGIONAL CHALLENGE 2026 байқауында III орын иеленді.
Байқау Астана қаласындағы Қазақ ұлттық спорт университетінде өтті. Оған Қазақстанның 18 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Нәтижесінде университетіміздің командасы 18 жоғары оқу орны арасында III орынға ие болды.
Іс-шара «Туризмнің жаңа көкжиегі: жастар, ғылым, инновациялар және цифрлық трансформация» тақырыбындағы TOURISM NEXT 2026 аясында ұйымдастырылды. Оған «Туризм» білім беру бағдарламасының 2 және 3-курс студенттері қатысты. Университет командасы туристік жобасын ұсынып, туризм саласындағы білімдерін, креативті көзқарастарын, маркетингтік ойлау қабілеттері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқау барысында қатысушылар туристік өнімдер әзірлеп, туристік дестинацияларды дамыту және ілгерілету бойынша өз идеяларын ұсынды. Сонымен қатар стандарттан тыс әрі инновациялық шешімдерді талап ететін практикалық тапсырмаларды орындады.
Команда жетекшілері — «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушылары, магистрлер Кетпен Ж.М. және Орымбасар Ж.Н.
TOURISM NEXT 2026 іс-шарасына қатысу студенттерге өз жобаларын таныстыруға, қосымша кәсіби тәжірибе жинақтауға, басқа жоғары оқу орындарының өкілдерімен білім және тәжірибе алмасуға, сондай-ақ туризм саласының болашақ мамандары ретінде өз әлеуеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Студенттеріміз бен жетекшілерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз