Жаңалықтар
Білім, ғылым және бизнес: Auezov university мен қытайлық серіктестер бірлескен жобаларды кеңейтуде
- Қаралды: 4
2026 жылғы 24 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар білім, ғылым, академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламалары және бизнеспен өзара іс-қимыл бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясының қатысуымен құрылған «Бір белдеу, бір жол» бизнес-ортаны дамыту жөніндегі Қытай орталығының алдағы қызметі болды.
Орталық екі елдің университеттері, сарапшылық қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылына арналған практикалық алаңға айналуы тиіс. Оның негізгі жұмыс бағыттары қатарында қазақстандық және қытайлық компанияларға сараптамалық қолдау көрсету, бірлескен зерттеулер жүргізу, трансшекаралық сауда мен коммерциялық қатынастар мәселелерін зерделеу, сондай-ақ мамандар даярлау қарастырылған.
Академиялық ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылды. Университеттер арасында студенттер алмасуы жүзеге асырылып келеді. Тараптар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, оқытушылар алмасуын, ғылыми зерттеулер мен ортақ жарияланымдарды жандандыруға ниетті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2026-2027 жылдарға арналған нақты ынтымақтастық жоспарын әзірлеу жұмыстарын жалғастыру туралы уағдаласты. Жоспар аясында Орталық қызметін дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске қосу, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі пысықтау көзделеді.
Auezov University мен Солтүстік-Батыс саяси ғылымдар және құқық университеті арасындағы ынтымақтастық 2023 жылдан бері бауырлас қала мәртебесіне ие Шымкент пен Сиань арасындағы серіктестік байланыстар аясында дамып келеді. Бүгінгі басты міндет – қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты білім беру, ғылыми және практикалық жобаларға ұластыру.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз