Q1-Q2 журналдарына мақала дайындау бойынша семинарлар басталды

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ғылыми мақалаларды халықаралық жоғары рейтингті журналдарда жариялауға арналған семинарлар сериясы басталды.
 
Алғашқы күнді университеттің Жарияланымдық белсенділік департаменті ұйымдастырды. Жиынға Малайзияның Путра университетінің шақырылған профессорлары, қауымдастырылған профессор Роснита Бинти А. Талиб пен қауымдастырылған профессор Фарах Салина Бинти Таип қатысты. Кездесуде Q1-Q2 санатындағы журналдарға ғылыми мақала дайындау талаптары, халықаралық басылымдардың ерекшеліктері, рецензиялау кезеңінен өту, рецензенттердің ескертулеріне жауап беру және қолжазбаны жетілдіру жолдары талқыланды.
 
Спикерлер ғылыми мәтіндерді дайындау және редакциялау кезінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктері мен шектеулеріне де тоқталды. Сонымен қатар академиялық адалдық талаптарын сақтау мәселесі көтерілді.
 
Іс-шараға университет оқытушылары, зерттеушілер, жас ғалымдар мен докторанттар қатысты. Олар ғылыми қолжазбаларды дайындау, журнал таңдау және жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
 
Айта кетейік, бұл 2026 жылғы қыркүйек-қазан айларына жоспарланған семинарлар сериясының алғашқы кездесуі. Алдағы іс-шараларда академиялық жазылым, жарияланым әдебі, жүйелі әдеби шолу, зерттеу нәтижелерін ұсыну, қолжазбаны журналға жіберу және ғылыми жарияланымдарды ілгерілету мәселелері қамтылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.