Жаңалықтар
Әуезов университетінің студенттері әлемдік хакатонда бақ сынауда
- Қаралды: 28
Астана қаласында жасанды интеллект саласындағы ірі халықаралық IT-жарыстардың бірі – «HackAlem AI» хакатоны өтіп жатыр. «Экспо» халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 20 студенті қатысып, жобаларын таныстыруда.
OpenAI компаниясымен серіктестікте өтіп жатқан хакатонның негізгі мақсаты – ЖИ технологияларын қолдану арқылы қоғам үшін өзекті мәселелердің шешімін ұсынатын инновациялық өнімдер дайындау. Байқау аясында мемлекеттік қызмет, қаржы, білім беру және басқа да маңызды салаларды қамтитын 10 бағыт бойынша жобалар әзірленуде.
Қатысушыларға жоба идеясын пысықтап, бағдарламалық өнімді таныстыруға небәрі бес сағат уақыт берілген. Бұл қысқа мерзім жастардың техникалық білімін ғана емес, сонымен бірге шығармашылық қабілетін, командалық жұмыс дағдысын және нақты мәселені жедел шешу мүмкіндігін сынайды.
Хакатонға қатысып отырған Әуезов университетінің студенттері үшін бұл – халықаралық деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасып, жасанды интеллект саласындағы білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ өз жобаларын сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Айта кетейік, байқаудың жалпы жүлде қоры 1,1 миллион АҚШ долларын құрайды. Хакатон жеңімпаздарын марапаттау алдағы AI & Digital Bridge 2026 форумында өтеді.
Әлемдік деңгейдегі IT додасында бақ сынап жатқан Әуезов университетінің студенттеріне сәттілік тілейміз. Жастардың жаңа идеялары мен тың жобалары Шымкент қаласы мен университеттің абыройын асқақтатып, отандық цифрлық технологиялардың дамуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз