Жаңалықтар
«Журналиссимус Байдулла Қонысбек»: ғибратты ғұмыры өнеге
- Қаралды: 22
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Журналиссимус Байдулла Қонысбек» атты конференция өтті.
Тағылымды жиын «Оңтүстік» телеарнасының іргетасын қалаған көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Байдулла Қонысбектің 85 жылдығына арналды.
Мерейтойлық басқосу арнайы фотокөрмемен және «Аңыз адам – Байдулла Қонысбек» деректі фильмінің көрсетілімімен басталды. Конференцияны белгілі журналист Ғалымжан Елшібай жүргізді.
Салтанатты шарада университет Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген мен ақын Ханбибі Есенқарақызы сөз алып, тұлғаның отандық медиа саласын дамытудағы еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ белгілі қаламгерлер мен ғалымдар халықтық мәселелерді көтерген журналистің шығармашылық мұрасын саралады.
Замандастары мен шәкірттері «Оңтүстік журналистикасының атасы» жайлы естеліктерімен бөлісті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жиын аңыз тұлғаның қаламгерлік аманатын кейінгі буынға жеткізуді көздейді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз