Хабарландыру. Конкурс: Ішкі аудит қызметі — басшы және маман

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Ішкі аудит қызметі Қоғамның Жалғыз акционерін, Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалына тәуелсіз және Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынып есеп беретін Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғамның бақылау органы болып табылады.

Қызмет жетекшісінде болуы керек:

  1. экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы-несие салаларындағы жоғары кәсіптік білім, ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе құқықтану саласында қосымша білімі болғаны жөн;
  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;
  3. басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл;
  4. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелерін білу;
  5. ішкі аудиторлар Институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (МСА) білген жөн;
  6. қосымша арнайы даярлықтан өткен жөн, атап айтқанда «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігі, және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификаты, және/немесе AССA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтер сертификаты, және/немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты, және/немесе DipPIA (Diploma in Professional Internal Auditor) дипломы;
  7. мемлекеттік және шет тілдерін меңгергені жөн.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3х4 түсті фотосуретімен қызмет тізімі;
  4. білімі туралы құжаттар мен қосымшаларының көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. денсаулығы туралы №075/у үлгі бойынша медициналық анықтама;
  7. жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
  8. наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  9. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемкорлық қылмыстары бойынша мәліметтер.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-ның Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 бөлме, бас ғимарат), телефон: 8 (707) 859 60 23.



«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ (АУДИТОР) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Ішкі аудит қызметі Қоғамның Жалғыз акционерін, Директорлар кеңесін қоспағанда, үшінші тұлғалардың ықпалына тәуелсіз және Қоғамның Директорлар кеңесіне тікелей бағынып есеп беретін Қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін Қоғамның бақылау органы болып табылады.

Қызмет кшісінде болуы керек:

  1. экономика және қаржы, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент, және/немесе қаржы-несие салаларындағы жоғары кәсіптік білім, ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе құқықтану саласында қосымша білімі болғаны жөн;
  2. аудит және/немесе бухгалтерлік есеп, және/немесе қаржы саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
  3. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша білу;
  4. ішкі аудиторлар Институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, Халықаралық аудит стандарттарын (МСА) білген жөн;
  5. аудит және/немесе есеп және қаржы менеджменті саласында сертификаттың және/немесе біліктіліктің болғаны, мемлекеттік және шет тілдерін білгені жөн.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3х4 түсті фотосуретімен қызмет тізімі;
  4. білімі туралы құжаттар мен қосымшаларының көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. денсаулығы туралы №075/у үлгі бойынша медициналық анықтама;
  7. жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
  8. наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  9. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемкорлық қылмыстары бойынша мәліметтер.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-ның Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 бөлме, бас ғимарат), телефон: 8 (707) 859 60 23.

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.