ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйымдық құрылымдарының, оның жұмыскерлері мен білім алушыларының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функцияны атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және сыбайлас жемқорлыққа немесе комплаенс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • Немесе жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлығы және ұйым қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3х4 түсті фотосуретімен қызмет тізімі;
  4. білімі туралы құжаттар мен қосымшаларының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен);
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. денсаулығы туралы №075/у үлгі бойынша медициналық анықтама;
  7. жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
  8. наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  9. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат (соттылығы жоқ туралы анықтама);
  10. сыбайлас жемкорлық қылмыс жөнінде мәліметтері туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 бөлме, бас ғимарат), телефон: 8 (707) 859 60 23.



«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЖӨНІНДЕГІ МАМАН бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйымдық құрылымдарының, оның жұмыскерлері мен білім алушыларының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функцияны атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлығы бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3х4 түсті фотосуретімен қызмет тізімі;
  4. білімі туралы құжаттар мен қосымшаларының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларымен);
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  6. денсаулығы туралы №075/у үлгі бойынша медициналық анықтама;
  7. жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
  8. наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  9. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат (соттылығы жоқ туралы анықтама);
  10. сыбайлас жемкорлық қылмыс жөнінде мәліметтері туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 бөлме, бас ғимарат), телефон: 8 (707) 859 60 23.

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.