Жаңалықтар
Студенттер үшін жаңа кеңістік: коворкинг орталығы ашылады
- Қаралды: 17
Университет ректоры Мұхтар Төлеген күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан коворкинг орталығына барып, атқарылып жатқан істің сапасын тексерді. Жалпы аумағы 545 шаршы метрді құрайтын нысандағы құрылыс аяқталуға жақын, сондықтан таяу уақытта орталық студенттер игілігіне берілмек.
Ректор нысанды аралау барысында желдету мен жарықтандыру жүйелеріне, терезе, еден және ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды.
«Біздің мақсатымыз – жөндеу жұмыстарын аяқтау ғана емес, студенттердің білім алуына, ізденуіне, шығармашылықпен айналысып, өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін сапалы орта қалыптастыру», – деді Мұхтар Әділбекұлы.
Жаңа орталықта студенттер үшін мынадай мүмкіндіктер қарастырылған:
Заманауи кеңістік: Жеке және топтық жұмыс істеуге арналған жайлы аймақтар мен жаңа жиһаздар.
Шығармашылық аймақ: Кітап оқуға және идеялармен бөлісуге арналған арнайы орындар.
Жайлы аллея: Ғимарат маңы абаттандырылып, студенттер демалатын орындықтар мен субұрқақ орнатылады.
Ұлттық рух пен заманауи дизайн: Орталық интерьерінде Мұхтар Әуезовтің, Ахмет Байтұрсынұлының және Алаш зиялыларының мұрасы мен тағылымды ойлары көрініс табады.
Күрделі жөндеуді Zerde Construction компаниясы жүргізіп жатыр. Нысанның сапасына екі жылдық кепілдік береді.
Жаңарған коворкинг орталығы мен абаттандырылған аллея жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған таптырмас кеңістікке айналмақ.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз