Auezov university Шымкенттегі бұқаралық марафонға белсенді қатысты

Шымкентте өткен бұқаралық марафонға 8 мыңға жуық адам қатысты. Денсаулық пен белсенді өмір салтын ту еткен бұл халықаралық спорттық шараға еліміздің әр өңірінен келген желаяқтармен бірге, әлемнің 15 елінен 500-ге жуық шетелдік қатысты.
 
Ауқымды додадан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ұжымы да қалыс қалған жоқ. Оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері жарыс жолына шығып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.
 
Университет басшылығы білім мен ғылымды ғана емес, дені сау, салауатты ұрпақ қалыптастыруды басты құндылық санайтынын атап өтті.
 
Спорттық іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, салауатты өмір салты мен бірліктің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.