«Жасанды интеллект: мүмкіндік, жауапкершілік, академиялық адалдық»

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жоғары білім беруде жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбындағы үш күндік жазғы мектеп өз жұмысын жалғастыруда.
Жазғы мектеп бағдарламасы аясында қатысушыларға жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолданудың заманауи тәсілдері ұсынылып, дәрістер, әдістемелік шеберлік сабақтары, практикумдар, педагогикалық кейстерді талдау және практикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.
«Шәкәрім университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру жөніндегі проректор Бейімбет Серікұлы Дәрібаев өткізді. Ол «Жасанды интеллект: мүмкіндік, жауапкершілік, академиялық адалдық» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Дәріс барысында жасанды интеллектіні жауапты пайдалану, академиялық адалдық, ЖИ көмегімен жасалған контент үшін жауапкершілік, оқытушы мен студенттің жасанды интеллектіні қолдану шекарасы, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ университет деңгейінде ЖИ қолдану қағидалары туралы қажетті мәліметтер ұсынды. Профессор-оқытушылар тарапынан жасанды интеллектіні оқу үдерісінде тиімді әрі қауіпсіз қолдануға қатысты сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.