«Жоғары білім беруде жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Бүгінде жасанды интеллект — тек технологиялық жаңалық емес. Ол білім беру мазмұнына, оқыту әдістемесіне, ғылыми зерттеулерге және жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби қызметіне жаңа талаптар қойып отырған маңызды құрал. Осыған орай, бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жоғары білім беруде жасанды интеллект құралдарын пайдалану» тақырыбында жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер және ЖИ саласына қызығушылық танытқан мамандар қатысуда.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Рыскүл Құдретуллаева жазғы мектептің бүгінгі білім беру үдерісіндегі маңыздылығына тоқталып, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді әрі жауапты қолданудың өзектілігін атап өтті.
Жазғы мектептің спикерлері — еліміздегі жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласының тәжірибелі өкілдері «Шәкәрім университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі цифрландыру жөніндегі проректор Дәрібаев Бейімбет Серікұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Нұртуган Азатбекұлы.
Жазғы мектеп бағдарламасы аясында қатысушыларға жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолданудың заманауи тәсілдері ұсынылып, дәрістер, әдістемелік шеберлік сабақтары, практикумдар, педагогикалық кейстерді талдау және практикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.