Жаңалықтар
ЖАС ҒАЛЫМ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЦЕМЕНТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ
- Қаралды: 19
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жас ғалымы, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының зертхана меңгерушісі Әмірәлиев Бауржан Бейсенбекұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесінде AP32515199 «CO₂ төмендетілген композициялық цементтердің қасиеттерін әзірлеу және зерттеу» жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жобаның негізгі мақсаты – көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін композициялық цементтердің құрамын, қасиеттерін және өндіру технологиясын әзірлеу.
Зерттеу барысында:
* белсенді минералды қоспалар ретінде пайдалануға болатын материалдардың қасиеттері зерттеледі;
* шикізаттың оңтайлы құрамы мен цементтің гидратация процестері анықталады;
*цемент құрамындағы клинкер үлесін азайту жолдары қарастырылады;
* цементті ұнтақтау кезінде электр энергиясын тұтынуды төмендету және диірмендердің өнімділігін арттыру көзделеді;
* экологиялық тұрғыдан тиімді әрі тұрақты цемент өндірісінің технологиялық шешімдері әзірленеді.
Жоба нәтижелері құрылыс материалдарын өндірудің экологиялық тиімділігін арттыруға, цемент өндірісіндегі CO₂ шығарындыларын төмендетуге және отандық құрылыс индустриясының тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған.
Бауржан Бейсенбекұлына ғылыми зерттеулеріне сәттілік, жаңа жетістіктер мен жоғары нәтижелер тілейміз!

