Жаңалықтар
Әуезов университетіне "Денвер ІІ" әдістемесінің қазақстандық стандарты бойынша жарық көрген 100 кітап сыйға тартылды
- Қаралды: 20
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапхана қоры 100 құнды ғылыми басылыммен толықты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, PhD докторы Алия Куралбаева университетке Гулхиз Пилтенмен бірлесе шығарған «Денвер II даму скринингтік тестінің қазақстандық стандарты» атты еңбектің 100 данасын сыйға тартты.
Аталған еңбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландырған гранттық жоба аясында әзірленген. Кітап – халықаралық Denver II даму скринингтік тестінің Қазақстан жағдайына бейімделген ұлттық стандарты.
Бұл тест 0–6,5 жас аралығындағы балалардың даму деңгейін бағалауға арналған тиімді әдістеме болып табылады және олардың ерте жастағы дамуындағы ықтимал ауытқулар мен кідірістерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Еңбекте баланың сөйлеу тілі, әлеуметтік бейімделуі, ірі және ұсақ моторикасы мен жалпы даму деңгейі жас ерекшелігіне сәйкес бағаланады.
Автордың айтуынша, бүгінде көптеген ата-аналар баланың дамуындағы алғашқы өзгерістерге дер кезінде мән бере бермейді. Сондықтан бұл кітап ата-аналарға, тәрбиешілерге, педагогтер мен психологтерге арналған маңызды ғылыми-тәжірибелік құрал болып саналады.
Әдістеме дамудағы кедергілерді бастапқы кезеңде анықтап, қажет болған жағдайда тиісті мамандардың көмегіне уақытылы жүгінуге жағдай жасайды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз