Әуезов университетінің студенті - Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

2026 жылғы 13–19 шілде аралығында Алматы қаласында джиу-джитсудан ересектер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ст-23-3к8 тобының студенті Өтепберген Мирзабеков жоғары шеберлік танытып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Құрлық біріншілігіне 27 елдің үздік спортшылары қатысып, тартысқа толы белдесулер өтті. Қазақстан құрамасы халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
Өтепбергенді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.