Жаңалықтар
Министр кеңесшісі М.Әуезов университетінің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты
- Қаралды: 27
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы келіп, 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.
Университет ректорының міндетін атқарушы Ғани Бесбаев министр кеңесшісіне қабылдау науқанының барысы туралы баяндап, талапкерлерді қабылдау, құжаттарды рәсімдеу, кеңес беру қызметі және мемлекеттік білім беру гранты конкурсына өтініш қабылдау жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар Руслан Емелбаев Arizona State University-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан қос дипломды бакалавриат бағдарламасына құжат тапсырып жатқан талапкерлермен кездесіп, олармен еркін пікір алмасты.
Ол бұл халықаралық бағдарламаның жастарға әлемдік деңгейдегі сапалы білім алып, халықаралық дипломға қол жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды жоба екенін атап өтіп, талапкерлерді осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.
Кездесу соңында Руслан Тоқтарбекұлы қабылдау комиссиясының жұмысына оң баға беріп, барлық талапкерлерге сәттілік тілеп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға тілектестік білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз