Жаңалықтар
«Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің түлектері диплом алды
- Қаралды: 29
Көптен күткен қуанышты күнде «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғары мектебінің түлектеріне дипломдары салтанатты түрде табысталды.
Мерекелік рәсім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы видеоқұттықтауымен басталды. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев бітірушілерді құттықтап, алдағы өмір жолына сәттілік тіледі. Сондай-ақ оқуын үздік аяқтаған түлектерге қызыл дипломдарды табыстады.
Жоғары мектеп деканы Сапаркүл Еркебаева мен кафедра меңгерушілері де жас мамандарға жүрекжарды лебіздерін арнап, үлкен өмірге жолдама болған дипломдарын салтанатты түрде тапсырды.
Ақ жол тілеген университет басшылығы мен ұстаздардың сенімін арқалаған жас мамандардың алдағы қадамдары сәтті болып, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз. Іске сәт, түлек-2026!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз