“Аграрлық” факультетінің түлектеріне диплом табысталды

Бүгін Әуезов университетінің акт залы тағы да қуанышқа, гүлге және жүрек ерекше эмоцияларға толды. Өйткені «Аграрлық» факультетінің 274 түлегі жаңа өмірге қадам басып, көптен күткен дипломдарын қолдарына алды.
Диплом алу салтанаты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнеқұттықтауымен басталды.
Басқарма төрағасы – Ректордың м.а. Ғани Бесбаев түлектерді айтулы күнмен құттықтап, алдағы өмір жолында кәсіби табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ факультетті үздік тәмамдаған түлектерге қызыл дипломдарды салтанатты түрде табыс етті.
Биыл Аграрлық факультетті 35 үздік түлек аяқтап отыр.
“Аграрлық” факультетінің деканы Гүлнар Тастанбекова мен кафедра меңгерушілері де бітірушілерге ақжарма тілектерін арнап, өз кафедраларының түлектеріне дипломдарын ерекше мақтанышпен ұсынды.
Шара барысында білімді де тәрбиелі ұрпақ өсірген ардақты ата-аналарға да арнайы алғыс хаттар табысталды.
Жас мамандарға ақ жол, жарқын болашақ және ел игілігі жолындағы толағай табыстар тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос