Әуезов университеті: 382 жас маман өнер жолына қанат қақты

Әуезов университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінде көптен күткен диплом табыстау рәсімі өтті. Бұл күн – шығармашылыққа толы студенттік өмірдің жарқын қорытындысы әрі жас түлектердің жаңа белеске қадам басқан ерекше сәті болды.
Салтанатты рәсім алдында Ұлттық домбыра күніне орай факультет оқытушылары мен студенттерінен құралған домбырашылар шеруі ұйымдастырылып, күмбірлеген күй мерекенің сәнін келтірді.
Диплом табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейнеқұттықтауымен ашылды.
Университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев пен факультет деканы Медеубек Тәңірбергенов жас түлектерге ақжарма тілектерін арнап, олардың қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосатын білікті маман болатынына сенім білдірді. Оқуын үздік аяқтаған түлектерге дипломдарын табыстады.
Диплом табыстау рәсіміне мәдениет саласының майталмандары мен танымал суретшілер қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Биыл «Мәдениет және өнер» факультетін 382 түлек тәмамдаса, оның 24-і үздік диплом иегері атанды.
Ақ жол, Түлек – 2026! Шығармашылық жолдарың жарқын, жетістіктерің мол болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос