Жаңалықтар
Жаңа Конституция. Мемлекет дамуының жаңа кезеңі
- Қаралды: 31
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Осы маңызды тарихи-құқықтық оқиғаға орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ғылыми қауым, сарапшылар мен студенттердің қатысуымен жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған ғылыми-сараптамалық іс-шара ұйымдастырылды. Басқосу алаңын университетіміздің ресми өкілі-баспасөз хатшысы Әзімхан Исабек жүргізіп отырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жаңа Конституцияда айқындалған демократиялық қағидаттар мен конституциялық құндылықтарды кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда заң үстемдігі қағидатын нығайту.
«Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Айсана Сман өз сөзінде жаңа редакциядағы Конституция мазмұнының 85 пайызы жаңартылғанын атап өтті.
Оның айтуынша, жаңа Конституцияда ұлттық сана мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мәдениет пен менталитетті сақтауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи тетіктерін жетілдіруге ерекше мән берілген. Сонымен қатар құжатта цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жасанды интеллектіні құқықтық реттеу және ұлттық мүддені қорғау мәселелері де кеңінен қамтылған.
«Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Ермек Бекбосынов өз баяндамасында жаңа редакциядағы Конституция күшіне енгеннен кейін оны іс жүзінде жүзеге асырудың құқықтық тетіктері мен заңнамалық негіздеріне тоқталды. Саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жандос Сәрсенбеков өз сөзінде жаңа Конституцияда мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Іс-шара қорытындысында спикерлер жас ғалымдарды Конституцияның жаңа нормаларын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеуге шақырып, оның құқықтық ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз