М. Әуезов атындағы ОҚУ ТМД Желілік университеті Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты

2026 жылғы 25 маусымда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен өткен ТМД Желілік университеті Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыс барысында ТМД Желілік университетінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері қарастырылды.
Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Е. Иманғалиев ТМД Желілік университеті аясында университетте атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Аталған отырысқа қатысу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуына және ТМД мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарын нығайтуға бағытталған кезекті маңызды қадам болды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос