Жаңалықтар
М.Әуезов университеті мен мемлекеттік қызмет істері агенттігі меморандумға қол қойды
- Қаралды: 24
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шараға екі тараптың басшылық құрамы, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері және университеттің «Заң» факультетінің профессор-оқытушылары қатысты.
Университеттің бірінші проректоры Құрманғалы Сарықұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, меморандумның бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыра түсетінін айтты.
Меморандумның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен мәдениетті қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын ілгерілету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзара іс-қимылды күшейту.
Құжат аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің мазмұнын жетілдіру, комплаенс-мамандар даярлауға әдістемелік қолдау көрсету, академиялық адалдықты насихаттау, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бірлескен кездесулер мен қонақ дәрістер ұйымдастыру жоспарлануда.
Жиын соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз