Жаңалықтар
Докторанттар шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасты
- Қаралды: 24
2026 жылғы 12 маусымда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің докторанттары мен Халықаралық алмасу және қызмет көрсету орталығының Халықаралық департаменті директорының орынбасары Тони Чжу, сондай-ақ Силезия технологиялық университетінің профессоры, ғылым және ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары, функционалды наноматериалдар зерттеу тобының жетекшісі Дэвид Янастың қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында халықаралық индекстелетін журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау белсенділігін арттыру, сапалы ғылыми мақала дайындау талаптары, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және жариялау үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлескен зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, мақала дайындау кезінде ғылыми жаңашылдықты, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығын және академиялық жазу талаптарын сақтау қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, мақалаларды қарау және жариялау мерзімдерінің ұзақтығына әсер ететін факторлар талданып, жариялау процесін жеделдетудің тиімді жолдары қарастырылды.
Кездесу нәтижесінде докторанттар халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар жөнінде құнды ақпарат алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық ғылыми кеңістікке ілгерілету бойынша тәжірибелік ұсыныстармен танысты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз