Bank CenterCredit-тен білім ордасына тағылымды тарту

Әуезов университетінің кітапханасы тағы бір тағылымы мол, тарихи маңызы зор шығармамен толықты. Bank CenterCredit АҚ филиалының директоры А.К. Оналбеков пен бөлім директоры Е.К. Молдабеков университет кітапханасына көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 100-ге жуық данасын тарту етті.
Ұлттық әдебиетті қолдау және кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында жүзеге асқан бұл игі бастама Bank CenterCredit қолдауымен жарық көрген шығарманың кең оқырман қауымға жол тартуына мүмкіндік берді.
Ұлт руханиятының алып бәйтерегіне айналған Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» шығармасы – ұлттық рухани мұрамызды сақтау мен насихаттауға қосылған маңызды үлес. Тарихи роман жастарға халқымыздың тарихын, құндылықтары мен рухани бағдарларын тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді. Қазақ тарихын тереңінен толғайтын, кең құлашты, ел еркіндігін басты мұрат еткен көркем туынды.
Университеттің Басқарма мүшесі – бірінші проректоры Қ.Р. Сарыкулов білім мен руханият саласын қолдап, ұлттық әдебиетті насихаттауға және елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін Bank CenterCredit АҚ ұжымына алғысын білдірді.
Бұл бастама жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос