Жаңалықтар
Әуезов университетінің үздіктері марапатталды
- Қаралды: 30
М.Әуезов атындағы ОҚУ-де университетінің студенттері жыл сайын республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауларында, шығармашылық және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, оқу орнының абыройын асқақтатып келеді. Биыл да талантты жастар түрлі додада топ жарып, университет қоржынына кезекті жеңістерін салды.
Осы орайда Әуезов университетінде республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік, ғылыми және спорттық жарыстарда топ жарып, оқу орнының мерейін асқақтатқан үздік студенттерді жмарапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев студенттерді жарқын жетістіктерімен құттықтап, кездесудің басты мақсаты – университет мақтаныштарын бір ортаға жинап, өзара таныстырып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасау екенін атап өтті.
Университет абыройын асқақтатып жүрген белсенді жастарға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз