М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Сингапурда өткен QS EduData Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты

2026 жылғы 3–4 маусым күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Сингапурда өткен QS EduData Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты. Халықаралық саммит әлемнің түкпір-түкпірінен келген университет басшыларын, ғалымдарды, білім беру саясатын қалыптастырушыларды, білім беру деректері саласының мамандарын және білім беру инновацияларының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Саммит барысында университет өкілдері жоғары білім берудегі цифрлық трансформациялау, білім беру деректерін талдау, халықаралық рейтингтер, академиялық беделді арттыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері сияқты өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Іс-шара аясында білім беру деректері мен жасанды интеллект саласының болашағын айқындайтын жаңа үрдістер мен инновациялық шешімдер таныстырылып, саммит барысында көтерілген маңызды тақырыптарға жан-жақты талдау жасалды.
Халықаралық деңгейдегі іс-шара маңызы тек баяндамалар мен пікірталастармен шектелген жоқ. Олар әртүрлі елдердің ЖОО, мәдениеттерін және білім беру жүйелерін өзара жақындастырып, тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог орнатуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік берді. Осындай өзара ықпалдастықтың нәтижесінде университеттер жоғары білім беру саласының алдында тұрған жаһандық өзекті мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіріп, тиімді тәжірибелерді қалыптастырады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос