Жаңалықтар
М. Әуезов атындағы ОҚУ-де Eurasia Foundation (from Asia) қоры төрағасы Yoji Sato-ның онлайн-дәрісі өтті
- Қаралды: 34
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Орталық Азия елдерінің интеграциялық үдерістері» атты халықаралық оқу курсы жүзеге асырылуда. Аталған курс Eurasia Foundation (from Asia) грантының қолдауымен ұйымдастырылған.
31 наурыз күні «Саясаттану» кафедрасының студенттеріне қор төрағасы Yoji Sato «Біз қайдан келдік? Біз кімбіз? Біз қайда барамыз?» тақырыбында онлайн-дәріс оқыды.
Дәріс барысында спикер заманауи қоғамның дамуындағы философиялық және өркениеттік мәселелерге тоқталып, Азия мен Орталық Азия елдерінің жаңа интеграциялық үдерістерді қалыптастырудағы және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне ерекше назар аударды.
Дәріс аясында студенттер аймақтық бастамалардың халықаралық тәжірибесімен танысып, жаһандану жағдайында Орталық Азия мемлекеттері алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылап, спикерге өз сұрақтарын қойды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және ғылыми-білім беру диалогын кеңейтуге ықпал етеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз