«Туған елге тағзым» экспедициясының қатысушылары Әуезов университетінде

Әуезов университетіне «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінен 80-ге жуық оқушы арнайы келді. Бұл тағылымды жоба аясында бір жыл бойы оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтижелер көрсеткен үздік оқушыларға еліміздің өзге өңірлеріне зерттеу сапарына шығу мүмкіндігі беріледі.
Шымкентке жолдама алған дарынды жастар Әуезов университетінің музейін аралап, оқу орнының бай тарихы, жетістіктерімен танысты.
Сонымен қатар, экспедиция барысында оқушылар қаланың тарихи-мәдени мұрасын тереңірек тану мақсатында Шымкенттегі маңызды нысандарды аралап, өңірдің өткені мен бүгінін зерттейтін болады. Бұл сапар жас зерттеушілердің таным көкжиегін кеңейтіп, туған елдің тарихы мен құндылықтарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос