Жаңалықтар
Әуезов университетінде Халықаралық экологтар күніне арналған дөңгелек үстел өтті
- Қаралды: 27
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Халықаралық экологтар күніне» арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебіне қарасты «Экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркістан өңірінің экологиялық жағдайын бағалау және жасыл технологияларды енгізу арқылы тұрақты дамуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысты.
Мерекелік жиынға экология саласында табысты еңбек етіп жүрген кафедраның әр жылдардағы түлектері арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар қоршаған ортаны қорғау ісіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, табиғатты аялаудың маңызын атап өтті.
Атап айтқанда, дөңгелек үстелде Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің директоры Е. Қозыбаев, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының директоры Б.Қырықбаев, «Қазгидромет» РМК Шымкент қаласы бойынша инженер-химигі Е. Матегова, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының ғылыми қызметкері Б. Мәлік, сондай-ақ «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының қызметкері Ғ. Назарбек мазмұнды баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, кафедра ғалымдары да экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелеріне арналған ғылыми баяндамаларын ұсынды.
«Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, партия атынан экология саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
«Экология» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Асұлу Абдуованың кәсіби еңбегі мен ғылымдағы жетістіктері лайықты бағаланып, оған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экология саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Бұл кездесу экологиялық мәдениетті нығайту мен мамандар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз