Әуезов университетінде «Белсенді түлек-2026» кеші өтті

Төрт жыл бойы университет өмірінің қайнаған ортасында жүріп, әрбір іс-шараның сәнін келтірген белсенді студенттерге арналған ерекше кеш өтті!
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ұйымдастырылған дәстүрлі «Белсенді түлек-2026» кеші студенттік өмірдің ең жарқын сәттерін еске түсіріп, жаңа өмір жолына қадам басқан түлектердің басын қосты.
Бұл кеш – жай ғана бітіру кеші емес, 4 жыл бойы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жобалар мен іс-шараларда алдыңғы қатардан көрінген белсенді жастарға көрсетілген құрмет пен алғыс кеші болды. 
Кеш барысында университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев түлектерге жылы лебізін білдіріп, олардың белсенділігі мен еңбегіне жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, жастарға үлкен өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі.
Кештің ең жарқын сәттері:
Белсенді студенттерді салтанатты марапаттау;
Студенттік Парламенттің жаңа төрағасын таныстыру;
Талантты жастардың керемет өнер көрсетуі;
Естелікке толы фотозона мен әсем аллея;
Дәмді фуршет пен жылы жүздесулер;
Би, көңіл-күй және ұмытылмас эмоциялар!
Жылылыққа, естелікке, әсерлі сәттерге толы бұл кеш әрбір белсенді түлектің жүрегінде ерекше орын алары сөзсіз. Себебі дәл осы жастар университеттің мәдени, қоғамдық және шығармашылық өмірінің қозғаушы күші болды.
Барша белсенді түлектерге алдағы өмір жолында толағай табыстар, биік мақсаттар мен жарқын жеңістер тілейміз! Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос