Жаңалықтар
Әуезов университетінде «Қаржылық қауіпсіздік – жастардың таңдауы» атты форум өтті
- Қаралды: 21
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлестіктегі fingramota.kz жобасы аясында «Қаржылық қауіпсіздік – жастардың таңдауы» атты форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және заманауи қаржы құралдарын тиімді пайдалануды насихаттау болды.
Форумға университеттің білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы және қаржы саласының мамандары қатысты.
Форумның ашылуында университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев ректордың құттықтау сөзін жеткізді. Өз сөзінде ол қазіргі таңда жеке қаржыны басқару, қаржылық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қаржы құралдарын дұрыс пайдалану қоғам үшін аса өзекті мәселеге айналғандығын атап өтті. Сонымен қатар жастардың қаржылық білімін арттыру – уақыт талабы екендігіне ерекше тоқталды.
Форум спикерлері ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас эксперті Ғ.Әкім, «Мирас» университетінің ректоры Халықберген Н., «Онлайнказфинанс» ұйымының өкілі Сауранбаев Е., ҚР Микроқаржы омбудсманы Естеусизова Н., Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Жайлаубек Ш., Аманат партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының Шымкент қаласы бойынша қаржы сарапшысы Тұрарова А. мазмұнды баяндамаларын ұсынып, қатысушылармен пікір алмасты.
Кездесу барысында студенттер фишинг, дропперлік, интернет-алаяқтық, несие тұзағына түспеу жолдары және жеке қаржыны тиімді басқару жөнінде маңызды ақпараттар алды. Сарапшылар нақты мысалдар келтіріп, қаржылық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі тәсілдерін түсіндірді. Сонымен қатар қатысушылар fingramota.kz платформасы ұсынатын мүмкіндіктермен танысты.
Айта кетейік, форум қарсаңында студенттер арасында қаржылық сауаттылық тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылған болатын. Қатысушылар өз жұмыстарын әлеуметтік желілерге жариялап, қаржылық қауіпсіздік тақырыбын кеңінен насихаттады. Форум барысында үздік жұмыстар арнайы бағаланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары:
І орын – «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің ЭФ-23-7к тобының студенті Айнабек Сая
ІІ орын – «Мәдениет және өнер» факультетінің МӨ-23-12р тобының студенті Алия Темурали
ІІІ орын – «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің СМ-23-5к14 тобының студенттері Ешанқұл Даниал және Полат Дінмұхаммед.
Берері мол іс-шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, пайдалы ақпарат пен жаңа тәжірибеге толы болды. Форум соңында қатысушылар естелік суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз