“Auezov Stars” жобасының жеңімпаздары марапатталды

Еңбек пен тер ақталған күн! Университетімізде 4 айға созылған ауқымды “Auezov Stars” жобасының қорытынды кеші жоғары деңгейде өтті.

Кештің басты мақсаты — студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау, ұйымшылдық пен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, факультеттер арасындағы достық байланысты нығайту болды.

Университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев марапаттау кешін ресми ашып, оқу орнымыз талантты жастармен мақтанатынын, оларды қолдау әрдайым жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар, жобаға қатысқан барша студентті жеңімпаз деп бағалап, ыстық лебізін білдірді.

Жоба аясында белсенділік танытқан факультеттер арнайы номинациялармен марапатталды:

“Командалық үйлесім” — «Басқару және бизнес» жоғары мектебі
“Үздік бастама” — «Спорт және туризм» факультеті
 “Алтын орта” — «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті
 “Жылы жүрек” — «Механика және мұнай-газ ісі» факультеті
“Үздік талпыныс” — «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі

Ал 5 кезең бойы үздіктер қатарынан көрінген жеңімпаздар:

III орын — «Аграрлық» факультеті
II орын — «Филология» факультеті
I орын — «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебі

Топ жарған командаларды Басқарма Төрағасы – ректор кеңесшісі Рахия Асанова марапаттап, университет басшылығы атынан құттықтауын жеткізді.

Қорытынды кешке арнайы қонақтар қатысты:

Шымкент қалалық “Amanat” партиясы жанынан құрылған “Жастар рухы” ЖҚ төрағасы — Төлебай Бекзат Октябрьұлы
Жастар ресурстық орталығы КММ басшысы — Жұман Жансерік Бауыржанұлы
“Бәйтерек” қоғамдық бірлестігінің басшысы — Қонысбек Роллан
“Zhebe Travel” туристік агенттігінің өкілі — Айдын Асқар
“GS Fitness club” директоры — Малик Ғалым Әлиұлы
Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламаға ұласып, факультеттер өз өнерлерін ортаға салды. Ал әсерлі кеш Студенттік Парламенттің “Әуезов Жастары” әнімен қорытындыланды.
“Auezov Stars” — талант пен бірліктің, шығармашылық пен достықтың жарқын алаңына айналған ерекше жоба!

ЖОБАНЫҢ 3-МАУСЫМЫНДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос