Auezov University: Француз тілі оқытушыларына арналған халықаралық жазғы мектеп басталды

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Орталық Азия университеттерінің француз тілі оқытушыларына арналған Халықаралық жазғы мектептің салтанатты ашылуы өтті. Франция Елшілігінің қолдауымен және Пуатье университеті бірлесіп ұйымдастырған жоба халықаралық білім мен ғылым саласындағы әріптестікті дамытуға, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және мәдениетаралық байланысты кеңейтуге бағытталған.
Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки Францияның жоғары оқу орындарымен және франкофондық академиялық ортамен серіктестікті дамыту университеттің халықаралық стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, Пуатье университетімен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Францияның білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Грета Комур жазғы мектептің басты құндылығы – Орталық Азия елдерінен келген француз тілі оқытушыларының тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтуында екенін айтты.
25 мамыр мен 2 маусым аралығында өтетін жазғы мектеп бағдарламасында француз тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, тіл дидактикасы: теориядан тәжірибеге дейінгі бағытындағы дәрістер мен тәжірибелік сабақтар, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша экскурсиялық бағдарламалар қамтылған.
Іс-шара барысында Пуатье университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Пуатье университеті өкілі, доктор Личия Багини бұл келісім екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Сорбонна-Қазақстан институты директоры Айнұр Сабитова онлайн форматта қатысып, жазғы мектептің француз тілін оқыту сапасын арттырудағы маңызына тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар естелікке ортақ фотоға түсіп, жазғы мектеп жұмысына сәттілік тіледі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос