Жаңалықтар
Әуезов университеті Xi’an Polytechnic University университетімен дизайн және инженерия саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- Қаралды: 26
2026 жылғы 21 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма Төрағасы-ректор Д.Ж. Ахмед-Заки бастаған делегация Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту аясында Xi’an Polytechnic University университетіне ресми сапармен барды.
Айта кету керек, 2026 жылғы сәуір айында Бейжің қаласында өткен China International Education Exhibition Tour 2026 халықаралық көрмесі барысында екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұл құжат екіжақты серіктестікті дамытудың маңызды қадамына айналды.
Сапар аясында Xi’an Polytechnic University университетінің ректорымен және университет басшылығымен ресми кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылым және халықаралық академиялық интеграция салаларындағы өзара ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Келіссөздер барысында дизайн, fashion-индустрия, киім үлгісін жобалау, индустриялық дизайн және заманауи креативті бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды.
Делегацияға Apparel and Art Design мектебінің әлеуеті таныстырылды. Аталған мектеп Apparel Design and Engineering, Industrial Design, Design Studies және Apparel and Fashion Design бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қытай тарапы университеттің заманауи зертханаларын, ғылыми-зерттеу бағыттарын және халықаралық жобаларын таныстырды. Атап айтқанда, жасанды интеллект, интеллектуалды өндіріс, жаңа материалдар және цифрлық технологиялар салаларындағы бастамалар ұсынылды.
Кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ дизайн, өнер, инженерия және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша қос диплом бағдарламаларын құру мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, оқу жоспарларын сәйкестендіру және қазіргі заманғы креативті әрі индустриялық сектор үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған халықаралық бірлескен білім беру траекторияларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Xi’an Polytechnic University халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келе жатқан Қытайдың жетекші көпсалалы университеттерінің бірі болып табылады және 80-нен астам шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытатынын растады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз