Жаңалықтар
«Біз өнерлі қыздармыз»: Өнер мен өрнек үндескен шығармашылық көрме
- Қаралды: 31
«Өмір ағашы», «Құсқанаты», «Лалагүл», «Жібек жолы» — халқымыздың рухани тамырынан нәр алып, ұлттық болмыстың бояуын айшықтаған көркем туындылардың атаулары. Әуезов университетінде осындай ғажайып өнер туындылары қойылған «Біз өнерлі қыздармыз» атты шығармашылық көрме салтанатты түрде өз шымылдығын ашты.
Көрмеге ҚР Қолөнер шеберлері одағының мүшесі, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының магистрі, аға оқытушы, ұлттық өнердің жанашыры Гүлнар Жолдасбекова мен шәкірттерінің туындылары қойылды. Шебер бұл көрме арқылы қазақ қолөнерінің терең тамыры мен нәзік эстетикасын көпшілікке паш етті.
Көрмеге қойылған сырмақтардың ою-өрнегі, кестелердің нәзік нақышы, гобелен мен паннолардың үйлесімділігі көрерменнің көз жауын алады десек, артық айтқандық емес.
Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев қолөнершінің әр туындысында терең мағына мен ұшан-теңіз еңбек жатқанын ерекше атап өтті.
Ал «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов қолөнердің адам бойына шеберлік, төзім, талғам мен көркемдік қасиеттерді дарытатынын айтып, қолөнершіге шығармашылық шабыт пен толайым табыс тіледі.
Іс-шара барысында ұстаздары, әріптестері мен шәкірттері Гүлнар Жолдасбекованың шығармашылық жолына тоқталып, оның туындылары бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаланып келе жатқанын зор мақтанышпен жеткізді.
Көрменің ерекше әсер сыйлаған тұстарының бірі — көрме залының бір бөлігінде ұйымдастырылған шеберлік алаңы болды. Мұнда қолөнершінің 2 курста білім алатын шәкірттері «Кілем және гобелен тоқу» пәні аясында түкті кілем тоқу үдерісін көпшілік назарына ұсынды.
Өнер мен өрнек үйлесім тапқан бұл көрме екі апта бойы көпшілік назарына ұсынылып, келушілер ұлттық қолөнер жұмыстарын тамашалай алады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз