Жаңалықтар
«Түркі дастаны» – ұлттық өнерді ұлықтаған көрме
- Қаралды: 20
Түркістан қаласында қазақ бейнелеу өнерінің, соның ішінде ұлттық гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, кәсіби суретші Батырбек Өтептің 80 жылдық мерейтойына арналған «Түркі дастаны» атты көрме ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға өнер және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, суретшінің шәкірттері, сондай-ақ тұлғаның жары Бибайша ана және ұрпақтары қатысты.
Көрмеге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті атынан оқу ордасының Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы қатысты. Сөз кезегінде С. Қалмаханұлы Батырбек Өтептің қазақ қолданбалы өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтіп, «Түркі дастаны» триптихінің терең философиялық мәніне тоқталды.
– Тарихи туынды – түркі дүниетанымы мен қазақтың рухани тамырын бейнелейтін терең философиялық шығарма. Автор адамзаттың түп-тамырын қазақ жерімен байланыстырып, оны кеңістік, уақыт және рухани символдар арқылы жеткізген. Бұл – әлі де зерттеуді қажет ететін туынды. Осы жылдың қазан айында Әуезов университетінде Батырбек Туғанбайұлының 80 жылдығына арналған конференция өтеді. Онда суретшінің шығармалары жинақталған кітаптың тұсаукесері мен ғылыми еңбектер жинағы таныстырылады деп жоспарлануда. Кітап материалдарын жинақтауда Бибіайша апайдың еңбегіне алғысымызды білдіреміз, - деді С. Қалмаханұлы.
Көрме барысында суретшінің қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық құндылықтарын айшықтайтын 20-дан астам таңдаулы гобелен туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Батырбек Өтеп — қылқалам мен жіпті үндестіріп, дала рухын өнерге айналдырған бірегей тұлға. Оның әр туындысы ұлттық рухтың айнасына айналып, өнегелі жолы бүгінде жас ұрпақтың бойында жалғасын табуда. Автордың «Түркі дастаны» триптих-гобелені Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциялық кешенінде сақтаулы. «Той», «Дастархан», «Аударыспақ», «Айтыс», «Аманат», «Бәйтерек» сынды туындылары қазақ гобелен өнерінің алтын қорына енген бірегей шығармалар қатарында жоғары бағаланады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз