Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері - «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары
- Қаралды: 40
Астана қаласында Ұлттық кітап күніне орай өткен «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Жеңімпаздар қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері де бар екенін қуанышпен хабарлаймыз!
Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, үздік қатысушыларды арнайы марапаттады. Жалпы республикалық байқау алты бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын мектеп» және «Кітап оқитын педагог».
«Кітап оқитын университет» бағыты бойынша Шымкент қаласындағы сегіз жоғары оқу орнының студенттері арасында өткен додада М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қазақ және орыс лигасындағы студенттері І орынды иеленді. Жеңімпаздар:
Азамат Қанадиллаев
Ерасыл Аймахан
Денис Умнов
Дарина Абилкасим
Жеңімпаз студенттерге 1 миллион теңге көлемінде сертификат табысталды.
Айта кетейік, AMANAT партиясы ұйымдастырған республикалық марафонға Шымкент қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан 190 мыңға жуық адам қатысқан. Сегіз айға созылған пилоттық жоба барысында қатысушылар шамамен 2 миллион кітап оқыған.
Студенттерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Университетіміздің абыройын асқақтатқан жастарымызға алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз