Жаңалықтар
Жасанды интеллект - жас ғалымдар назарында: Әуезов университетінде республикалық студенттік ғылыми конференция өтті
- Қаралды: 41
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да ғылым мен технологияның тоғысқан айтулы шарасы — «Жасанды интеллект және Қазақстанның цифрлық трансформациясы: болашаққа қадам» атты Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІХ Республикалық студенттік ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті.
Конференцияның кіріспе кезеңінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Шохноза Халметова қатысушыларға шығармашылық шабыт пен ғылыми ізденістеріне сәттілік тілеп, цифрлық дәуірдегі білімнің маңыздылығына тоқталды.
«Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының төрағасы Айбек Сейдахмет университет тарапынан студенттерге көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаулар мен заманауи мүмкіндіктерді тізбектей келе, жас зерттеушілердің жасанды интеллект құралдарын өз игілігіне дұрыс әрі тиімді пайдалану жолдары туралы мазмұнды ой өрбітті.
Конференцияның негізгі бөлімінде әртүрлі факультеттердің студенттері өзекті ғылыми тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, оларды заманауи презентациялар арқылы ұсынды. Атап айтқанда, «Геотехникалық жобалауда жасанды интеллектіні қолдану», «Цифрлық құжаттарды кешенді талдау барысында генеративті ЖИ артефактілерін анықтауға арналған “AntiGhost Insider v2” интеллектуалды жүйесін әзірлеу», «Trichoderma viride tv-1 және Trichoderma lignorum T134 негізінде биотыңайтқыштар дайындау зерттеуі», «Банк саласында цифрлық технологияларды енгізу және онлайн-сервистерді жеделдету», «Халықаралық журналистикадағы ақпарат жеткізу тәжірибесі» секілді тақырыптар кеңінен қамтылды.
Әрбір баяндама заманауи презентациялармен сүйемелденіп, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуеті мен кәсіби даярлығын айқын көрсетті. Жиын соңында Жарияланымдық белсенділік департаментінің директоры Ұлжалғас Назарбек қатысушы жастар мен олардың ғылыми жетекшілеріне белсенділіктері үшін шынайы алғысын білдіріп, пленарлық мәжілісті қорытындылады.
Конференция жұмысы әрі қарай секциялық отырыстарға жалғасып, жас ғалымдардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз