Әуезов университетінде VI халықаралық форум аясында мазмұнды семинар өтті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өтіп жатқан «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» тақырыбындағы жаңашыл педагогтардың VI Халықаралық форумы аясында мазмұнды кездесу өтті. Аталған іс-шараға Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Гази университеті профессоры Южел Гелишли қатысып, «Халықаралық журналдарға ғылыми мақаланы жазу тәртібі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға «Филология» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының студенттері белсене қатысты.
Жиынды университеттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Гүлнара Карбозова ашып, мұндай кездесулердің екіжақты әріптестікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Гази университеті мен университет арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын жеткізіп, алдағы уақытта да бірлескен жобалардың жалғасын табатынына сенім білдірді.
Семинар барысында профессор Южел Гелишли халықаралық ғылыми басылымдарда мақала жариялаудың мәні мен маңызына тоқталып, мақаланы дайындау және жариялау кезеңдерін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, батыс елдері ғалымдары мен отандық зерттеушілердің ғылыми жарияланым дайындаудағы ерекшеліктерін салыстыра отырып, нақты тәжірибелік кеңестер ұсынды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан мазмұнды жауаптар алды.
Бұл семинар студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге, халықаралық академиялық талаптармен танысуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос