Жаңалықтар
Әуезов ғалымдары Сеул Ұлттық университетімен бірлесе ғылыми жобаны іске асырады
- Қаралды: 28
М. Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары АР23487689 «Климаттық өзгерістердің алдын алатын Түркістан облысының ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттырудың экономикалық-математикалық моделін әзірлеу» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде Сеул ұлттық университетінің Халықаралық ауыл шаруашылығы технологиялары жоғары мектебіне (Пхенчхан, Корея Республикасы) іссапармен барды. Делегация құрамына жоба жетекшісі, "Экономика" кафедрасының меңгерушісі Есиркепова Алтын Махмудқызы, кіші ғылыми қызметкер, ДЭФ-23-1а тобының докторанты Махмуд Динара Марленқызы, сондай-ақ жоба орындаушысы, Милан университетінің магистранты Серикова Роза Нұрғалиқызы кірді.
Сапардың негізгі мақсаты Сеул ұлттық университеті ғалымдарының климаттық өзгерістердің алдын алу мәселелері бойынша зерттеулерінің нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ аграрлық салада табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін зерделеу болды. Жұмыс бағдарламасы шеңберінде энергия тиімді агроқұрылымдардың өзара іс-қимыл модельдерін әзірлеу мәселелері қаралды, Корея Республикасының өндірістік кешендерінің инфрақұрылымдық ерекшеліктері зерделенді.
Бұдан басқа, делегация қатысушылары капитал, ресурстар және өзге де факторлар мәселелерін қоса алғанда, агроқұрылымдардың тиімді жұмыс істеуі үшін экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізді. Климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ететін шетелдік тәжірибеге аналитикалық шолу жасауға ерекше назар аударылды.
Сеул ұлттық университетіне бару М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамытудағы, академиялық байланыстарды кеңейтудегі және озық шетелдік тәжірибені зерделеудегі маңызды кезең болды. Сапар нәтижелері жобаны одан әрі іске асыруда және Түркістан облысының ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттырудың заманауи тетіктерін әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу қызметінде пайдаланылатын болады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз