Жаңалықтар
Республикалық студенттік олимпиадада топ жарды
- Қаралды: 27
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы аясында Республикалық студенттік олимпиада өтті. 13–15 сәуір аралығында ұйымдастырылған білім мен шығармашылық бәйгесіне еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Білім додасында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, университет абыройын асқақтатты. Атап айтқанда, студенттеріміз:
«Композиция» шығармашылық тапсырмасы бойынша І дәрежелі диплом, «Сурет» шығармашылық тапсырмасы бойынша ІІ дәрежелі диплом иеленді. Жеңімпаздар:
«Қоңыр» тобы
Тоғжан Мамырбаева – МӨ-24-5к тобының студенті
Айша Исаева – МӨ-24-5к тобының студенті
Жетекшісі: Ибраимова Перизат Тұрсынбековна.
«Небесные кочевники» тобы
Камила Тұрғымбаева– МӨ-25-5к тобының студенті
Аружан Элемесова – МӨ-24-5к тобының студенті
Жетекшісі: Күнжігітова Гүлнұр Бектеміровна.
Талантты студенттеріміз бен олардың жетекшілерін Әуезов университеті ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстары артып, жаңа биіктерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз