Жаңалықтар
Жеңімпаз жастарға - Әуезов университетінің білім гранттары
- Қаралды: 24
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де Шымкент қаласы және Түркістан облысы мектеп бітіруші оқушыларына арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндер комбинациясы бойынша олимпиаданың және «Жас талант» шығармашылық өнер конкурсы жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Университеттің Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев, сонымен қатар Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталық меңгерушісі Гүлзинат Рүстенбек, ҚР ҒЖБМ “Ұлттық тестілеу орталығы” ШЖҚ РМК Шымкент қаласындағы филиал басшысы Нұрпейіс Исабааев білім мен өнер додасында жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарды, олар білім алған мектеп директорлары мен ғылыми жетекшілерін құттықтап, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Закидің Алғыс хатын табыстады.
Атап өтейік, дәстүрлі түрде өтетін олимпиадада биыл Шымкент қаласы, Түркістан облысының Сарыағаш қаласы, Түлкібас, Сауран, Шардара, Төле би, Мақтаарал аудандарынан келген кіл мықтылар өздерінің білімін жоғары деңгейде көрсетті. Олимпиаданың нәтижесі бойынша 54 жеңімпаз анықталды.
I – орынға 18 оқушы (100% оқу ақысы тегін);
II – орынға 18 оқушы (75% оқу ақысына жеңілдік);
III – орынға 18 оқушы (50% оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған) лайық деп танылды.
Барша қатысушыларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз