Әуезов университетінің студенттері француз тіліндегі поэзия байқауында топ жарды

3 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Франкофония көктемі» – француз тілі мен франкофон мәдениетін дәріптейтін халықаралық мәдени мереке аясында француз тілінде өткен «Жыл мезгілдері» тақырыбындағы поэзия байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған байқауға «Филология» факультетінің «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының француз тілі пәнінің аға оқытушысы Ильясова Калдыкуль Балтабаевнаның жетекшілігімен кафедра студенттері қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша ФИ-24-3к5 тобының студенті Тоғжан Таубай І орын иеленіп, Шымкент Француз Альянсының жазғы сессиясында 100% тегін оқу мүмкіндігіне ие болса, ал ФИ-25-4кр тобының студенті Аида Алканбаева ІІІ орын алып, 25% жеңілдікпен білім алу құқығын жеңіп алды. Сонымен қатар, ФИ-24-3к5 тобының студенті Гулияра Сайдуллаева «Meilleure prononciation» номинациясын, ал ФИ-25-4кр тобының студенті Полина Дубовик «Meilleure émotion» номинациясына ие болды.
Бұл шара студенттердің француз тілін практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға зор ықпал етті. Байқау қатысушылардың тілдік шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың ойды еркін әрі әсерлі жеткізу қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ франкофон мәдениетін тереңірек тануға жол ашты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос