Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында Қазақстан математиктерінің бірінші конгресі басталды
- Қаралды: 24
Шымкентте қазақстандық және шетелдік жетекші математиктер бас қосып, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін басқосты. Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақстан математиктерінің Бірінші конгресіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркі әлемінің математикалық қоғамының және Қазақстандық математикалық қоғамының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Кәлменов және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты.
Сонымен қатар конгреске математика, механика және ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдар, зерттеушілер, шетелдік сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысып, жалпы 500-ге жуық математик бір алаңға жиналды.
Алдымен министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың құттықтауын жеткізді. Саясат Нұрбек өзі сөзінде «Қазір біз математика туралы қалыптасқан түсінік түбегейлі өзгеріп жатқан кезеңде тұрмыз. Бұрын ол «ғылымның бір саласы» ретінде қабылданса, бүгінде экономикаға, технологияға және мемлекеттік басқаруға әсер ететін шешімдердің негізіне айналды. Үлкен деректер, жасанды интеллект, цифрлық егіздер, болжамдық модельдер - мұның барлығы, түптеп келгенде, математикаға сүйенеді. Әлемде бұл үрдісті әлдеқашан түсініп, қабылдап қойды. Фокус та біртіндеп өзгеріп келеді: енді тек ЖИ-ді қолдану емес, оның қалай жұмыс істейтінін терең түсіну маңызды, - деп өтіп өтті.
Конгреске қатысқан Нобель сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ құрметті профессоры Рае Квон Чунг Жасыл экономиканы дамытудағы математиканың маңыздылығына тоқталды. Бақытжан Жұмағұлов конгресте математика ғылымын дамыту, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және жоғары оқу орындары мен мектептердегі білім беру бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту мәселелерін талқылайтындығын атап өтті.
Отандық математика ғылымына үлкен үлес қосқан академик Тынысбек Кәлменов Қазақстанда математика ғылымы көш ілгері екенін, отандық ғалымдардың халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін жеткізді. Сондай-ақ ол математикалық зерттеулерді дамыту және жас математиктерді қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма-Төрағасы Дархан Ахмед-Заки университеттің соңғы жылдардағы жетістіктері, халықаралық ынтымақтастықтағы серіктестіктер, «AI-Sana» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар және жасанды интеллект саласындағы инновациялық бастамалар туралы баяндама жасады. Ол оқу орнының ғылыми зерттеулерді дамыту, білім сапасын арттыру және халықаралық деңгейде танылу бағытындағы стратегиялық жоспарларын ерекше атап өтті.
М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында өтіп жатқан Конгресс алты халықаралық ғылыми конференциядан тұрады, онда ғалымдар секциялар бойынша математика саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Іс-шара 3–7 сәуір аралығында жалғасады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз