«500 ғалым» жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті PhD докторы Артыкова Жадыра Қуанышовна «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасының «500 ғалым» жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті.
Ол бір жыл бойы Constructor University университетінде (Германия,Бремен қаласы) «Органикалық химия» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында заманауи ғылыми-зерттеу әдістері меңгеріліп, химиялық технология және органикалық химия саласындағы озық технологиялар зерттелді. Сонымен қатар, шетелдік ғалымдармен кәсіби ғылыми байланыстар орнатылды.
Алынған білім мен халықаралық тәжірибе университеттің ғылыми қызметін дамытуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталатын болады.
Университет ғалымдарының «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасының «500 ғалым» жобасына қатысуы еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға және отандық ғылымды әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне интеграциялауға маңызды үлес қосады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос